Балабақша туралы мәлімет
Бөбекжай-бақша ғимараты екі қабатты,екі ғимаратты. Бөбекжай-бақша қуаттылығы 90 орындық, Бөбекжай-бақша 2018 жылы ашылып ,қазіргі таңда 70 баламен, 3 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған.

Бөбекжай-бақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Бөбекжай-бақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, меңгеруші, әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 2 ғимараттың қазандықтары табиғи газ отынымен жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. Бөбекжай-бақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Бөбекжай-бақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған.